Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде берген тапсырмалары орындалды - Кәрім Мәсімов

None
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде берген тапсырмалары орындалды. Бұл туралы бүгін, желтоқсанның 19-ында Оралда өткен экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысында сөйлеген сөзінде  Қазақстан Премьер-Министрі  Кәрім Мәсімов айтты.

«Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңа индустриялық-инновациялық бағдарламаның үш бөлімін - машина жасауды, химия өнеркәсібін дамытуды және табиғи монополиялардағы тариф белгіеу мәселелерін қарадық. Сөйтіп,  осы бағдардамаларды дамытуға байланысты барлық негізгі бағыттарды талқылау аяқталды», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, тұтастай алғанда жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жасау аяқталу қарсаңында, жыл аяғында «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, барлық бағдарлама Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.

«Сөйтіп, біз Президенттің «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде берген барлық тапсырмалары орындалды. Бізде индустрияны дамыту бойынша алдағы 10 жылға жіті және айқын бағдарлама бар», деп сөзін түйіндеді К.Мәсімов.