Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қ. Жаңбыршин, Б. Тәжияқов және Ә. Бектасов қызметтерінен босатылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қ. Жаңбыршин, Б. Тәжияқов және Ә. Бектасов қызметтерінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет Басшысының Өкімдерімен:

Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен;

Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен;

Әбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.