Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесі бөлімдерінің басшылары тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан Еркінұлы Жанәбілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.