Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне;

Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне;

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рзақұл Сәденұлы Нұртаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.