Мемлекет басшысының Өкімдерімен Н.Білісбеков пен Қ.Әбдіқазымов ҰҚК төрағасының орынбасарлары қызметтерінен босатылды
19:16, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен: Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен; Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.