Мемлекет басшысының Өкімімен Әлішер Пірметов ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа өкімдерге қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.