Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Евниев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

None
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Қайратұлы Евниев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарланды.