Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері:
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Хамитқызы Баймолдинаның - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Карпович Божконың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаевтың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесінің директоры Алма Сағынғалидың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.