Мемлекет басшысының Өкімімен Э.Квятковский ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Эдуард Олегович Квятковский басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.