Мемлекет басшысының Өкімімен Г.Бимендина ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.