Мемлекет басшысының Өкімімен Қ.Омаров ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қайрат Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.