Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштерде бірқатар тағайындау болды
18:54, 22 Маусым 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.