Мемлекет басшысының сүйікті әндері Астанадағы концерттік бағдарламада шырқалуда

None
СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Гулнара Жандағұлова/ - Мемлекет басшысының сүйікті әндері Астанадағы Президенттік мәдени орталығында өткізіліп жатқан «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» концерттік бағдарламасында шырқалуда.

Алтай мен Сарыарқа, Алатау мен Жайықтың халықтық әндері кеші екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде Президентке ұнайтын халық әндері шырқалды. Концерттің екінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған әндер, сонымен қатар, сөздерін Елбасының өзі жазған шығармалар орындалды.

Сондай-ақ, кешке келушілер суреттері бар 52 планшет пен 50 құжат қойылған «Елбасы жане Елорда» көрмесімен таныса алады. Көрме жәдігерлері Қазақстан елордасының негізгі даму сатыларынан көрініс береді. Концертте Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ, үкімет мүшелері және депутаттық корпус қатысуда.