«Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Тәжікстан тарапы қазақстандық делегацияға зор құрмет көрсетті. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе әуежайынан өзі күтіп алып, шығарып салды»,-деп жазды Берік Уәли.
Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапармен барғанын хабарладық.
Бүгін Мемлекет басшысы шағын және кеңейтілген құрамда кездесудер өткізіп, Тәжікстанның бірқатар лауазым иелерімен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.