Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы міндеттерінің орындалуы мәселесі, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қарастырылады.
Атап айтқанда, партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырудың 2,5 жылындағы кезеңдік нәтижелері айтылды. Сайлауалды тұғырнаманың нақты іске асырылуы барысында Мәжілістің өткен сессиясында 13 заң қабылданып, 11-не бастамашылық жасалды. Барлығы 108 заң жобасы мақұлданды, 102-сі заң күшіне ие болды. Бұған қоса депутаттар мынандай нақты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды күшейтті: партиялық кураторлардың 15 сарапшылық тобы, еліміздің барлық өңірін қамтыған өңірлік кураторлардың 190 сарапшылық тобы Үкіметпен бірлесе жұмыс істеуде.
2014 жылдың 8 шілдесінде партия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын жариялады. Ағымдағы жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша Бағдарлама жобасына қатысты партия мүшелерінен, сарапшылық қауымдастығынан және интернет қолданушылардан 900-ден астам ұсыныс пен толықтыру келіп түсіп, осының арқасында Бағдарлама жобасының мәтіні 40 пайызға өзгертілді.
Бүгінгі отырысқа Саяси кеңес мүшелері - Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының депутаттары, Жоғарғы Соттың, Ұлттық Банктің, Есеп комитетінің төрағалары, Бас прокурор, министрлер, облыстық филиалдардың басшылары - облыс әкімдері, сонымен қатар партияның облыстық мәслихаттардағы фракцияларының депутаттары қатысуда.