Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
19:00, 27 Қаңтар 2012
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дулат Бақышев Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дулат Хангерейұлы Бақышев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды; Дархан Әлиұлы Бердалиев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды.