Мемлекет басшысының Жарлығымен Қ.Саудабаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен Саудабаев Қанат Бекмұрзаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.