Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Австриядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды

АНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.