20:13, 18 Наурыз 2009
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалып, ол Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.