Мемлекет басшысының Жарлығымен Вьетнамдағы Қазақстан елшісі тағайындалды
18:09, 20 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.