Бұл мәліметтермен бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына байланысты жергілікті және өзге де сот өкілдерімен болған селекторлық мәжілісте Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров таныстырды.
Оның деректеріне қарағанда, бұл судьялардың барлығы өздеріне жүктелген міндетті атқара алмауы себепті сот жүйесінен кетуге мәжбүр болды. «Біз мұндай азаматтармен қош айтысамыз. Олардың орындарына біліктілігі жоғары, лайықты басқа азаматтар келеді және олар заманға лайықты жұмыс істейтін болады»,- деді Жоғарғы сот төрағасы.