Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар ауыс-түйістер орын алды
18:31, 16 Қазан 2013
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне;
Бектас Абдыханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің өкілеттігі тоқтатылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында жарияланды.