Мемлекет басшысының жарлықтарымен Икрам Адырбеков пен Абай Тасболатов қызметтерінен босатылды
19:08, 23 Қараша 2011
ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының жарлықтарымен Икрам Адырбеков пен Абай Тасболатов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен:
Икрам Адырбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қытай Халық РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Корей Халық-Демократиялық РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды;
Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды.