«Zakon.kz интернет-порталы:
- Қазір Мемлекет басшысының денсаулығы қалай?
Айдос Үкібай:
- Ол салқын тиіп, сырқаттануына байланысты емделуде. Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ.
Zakon.kz интернет-порталы:
- Президенттің жұмыс кестесі қайта қарала ма? Шетелдік ақпарат көздері оның Әзербайжан мен Арменияға баруы мүмкін екенін айтып жатыр. Елбасы бұл сапарларға бара ма?
Айдос Үкібай:
- Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қатысады.
Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады», делінген жазбада.