Мемлекет білімге берілетін несиелерді қайта құрылымдауда көмек көрсетті - 2010 жыл мұғалімі А.Ықылықова

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Берік Бекмұрзаев/ - Қазақстан Үкіметі біздің жастарға барлық жағдайларды жасады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында «Болашаққа сеніммен қараған жастар» ұранымен өткізілген дөңгелек үстел отырысы кезінде «Жыл мұғалімі-2010» байқауының жеңімпазы Алма Ықылықова айтты.

«Өз жағымнан Үкіметтің жұмысына қанағаттанамын. Тиімді жұмыстар атқарылды, мәселен, 2009, 2010 жылдары мұғалімдерді жалақысы өсті, үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап қосымша 30 пайыздық өсім бар. Бұл мені қуантады. Мен мұндай жұмыстардың тек орта білім мекемелерінде ғана емес, еліміздің жоғары оқу орындарында да кеңінен жүзеге асырылып жатқанынан хабардармын. Менің білуімше, білімге берілетін несиелерді қайта құрылымдауға көмек көрсетіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге көмек ретінде шамамен 15 млрд. теңге бөлінді. Біз осындай қолдауы үшін мемлекетке алғыс айтуымыз қажет», - деп мәлімдеді жас мұғалім.