Мемлекет бөлген 3 мың оқу гранты үлестірілмей қалған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инженерлік, педагогикалық әрі жаратылыстану мамандықтарына 3 мыңнан астам білім гранты қайтадан бөлінеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген талапкерлер бар.Өздеріңіз білесіздер, конкурсқа64 мыңнан астам адам қатысты.Бірақ біз қазіргі кезде Үкімет қаулысына өзгерістер енгіземіз, содан кейінбелгіленген тәртіп бойынша тиісті бағыттарға грантты беруді жалғастырамыз. Осы орайда 3 мың грантбасымдықты бағыттар бойынша қайтадан тағайындалады», - деді вице-министр.

Бұл тұрғыда инженерлік, педагогикалық, жаратылыстанубағыттары қамтылады.

Министрлік мәліметіне қарағанда, аталған 3 мың грантнегізгі конкурстан (53 785 гранттың ішінде) игерілмей қалды. Кейбірмамандықтарға үміткерлер аз болғандықтан, осы гранттар бөлінбей қалды.Сондықтан осы үш мың грант талапкерлер арасында қайтадан бөлінеді. Осы аптадақаулы жобасы әзірленіп, оған тиісті өзгерістер енгізіліп, содан кейін жинағанұпайларына қарай талапкерлер өздерінің гранттарын алады.

Айта кетейік, биыл кокурсқа 53 785 грант бөлінді,қатысушылардың саны 64 452 адам болды. Осы орайда бір грантқа орташа конкурс 1,29адамды құрады.

Бүгін таңертең мемлекеттікбілім грантына ие болғандардың толықтізімі шықты.