Мемлекеттік қажеттіліктерге қолданыстан шығарылатын мүлік үшін азаматтарға өтемақы әділетсіз есептелентіндігіне алаңдаушылық білдірген адамдар тарапынан шағымдар түсіп жатқанынан тоқталған Магеррамов, «Бұл сауал Үкімет үшін алғаш рет қойылып отырған жоқ. 2014 жылы Парламент депутаттары осы мәселеге назар аударды, алайда осыған қатысты тиісті шешім жасауға прогрессивті ұсыныстар болған жоқ. Қазақстан Конституциясында 26 баптың үшінші тармағында мемлекеттік қажеттіліктер үшін мүлікті қолданыстан шығару кезінде оның құнын тең бағамен өтеу туралы норма жазылған. Іс жүзінде өкілетті органдар тарапынан қолданыстан алынатын мүлікке төмен өтемақы бекітіледі. Осы мәселеге «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 67 бабының екінші тармағы белгілі бір шиеленісті жағдайды байқатып отыр, соның салдарынан біздің азаматтарға қатысты әділетсіздік орын алуда»,-деді.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің заңнамасы тұрғысында мемлекеттік қажеттіліктерге жер телімін мәжбүрлі иеліктен шығару кезінде меншік иесінің таңдауы бойынша тұрғын үйдің нарықтық құны көлемінде өтемақы төленеді немесе меншігіне баспана беріледі.
«Алайда аталған норма іс жүзінде орыдалмай келеді. Ақшалай өтемақы көлемімен келіспейтін кезде азаматтардың құқықтарына мән берілмейді. Иеліктен шығарылатын мүлікті бағалау әдістері тиісті аудандағы баламалы баспананы сатып алу шығындарын жаппайды»,-деді депутат.
Осы орайда Магеррамов Үкімет бұл әлеуметтік проблемаға тағы да назар аудару қажет екенін атап өтті.