Астана қаласы мәслихаты заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Николай Мещеряковтың айтуынша, қазіргі кезде жер иелерімен 16 келісім жасалды, қажетті келісу процедуралары жүргізілді, деп хабарлайды astana.kz.
Сатып алынатын жерлердің Комсомольский тұрғын алабында орналасқан үшеуі балабақша салуға беріледі. Бұдан басқа, Сарыарқа ауданы аумағында, Бөгенбай батыр даңғылы, Кенесары көшесі, Сарыарқа даңғылы мен Күмісбеков көшесінде бес жер учаскесі сатып алынады. Бұлар инженерлік желілер тарту үшін пайдаланылады.
Бұған дейін хабарланғандай, шағын айналма жол салуға (Бейсекова көшесі), Байтұрсынов көшесінде жаңа мектеп құрылысына, сонымен қатар Мирзоян және № 42 көшелерде 39 жер учаскесі сатып алынады.