Белгілі ұстаз халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды.
«Біздің мемлекетімізді құратын да, оны дамытатын да, оны әділетті ететін де, ол – сіздер мен біздер, жастар. Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қостық», – деді Аягүл Миразова.
Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры өз таңдауын жасады.
«Қазіргідей төрткіл дүние теңселіп тұрған шақта қарашаның тағдырын нағыз мықтыға тапсыруымыз керек. Әлемдік геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, біздің еліміздің ішкі жағдайын ескеретін болсақ, бізге ең бірінші бірлік керек, тұтастық керек, ынтымақ керек. Кез келген дүниені ынтымақпен шешуге болады. Бүгін мен осы бағытта өзімнің таңдауымды жасадым», - дейді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.