деп хабарлайды ҚР Әуе көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының әуе көлік прокуратурасы Алматы Сот актілерін орындау департаментіне тексеріс жүргізді.
Департаментте сот үкімі шығарылғалы отырған Түрксіб ауданындағы шетел валютасының экономикалық контрабандасы бойынша 24 млн. теңгеден астам сомадағы контрабандалық мүліктер мемлекет кірісіне өткізілмеген.
Әуе көлік прокуратурасымен сот шешімін уақытында орындау мақсатында департаментке ұйғарым енгізілді, сотта қаралған істің нәтижесінде айтылған қаражат мемлекет кірісіне қайтарылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.