«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудан болатын жетістіктер мәселесіне тоқталған ол: «Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі», - деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол бұл мақсатта 15 млрд. теңге бөлінетіндігін атап өтті. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді.
«Әрине, көліктердің құны мен саны тұтынушының қандай модель мен оның құрамдануын таңдауына байланысты болады», - деп атап өтті вице-министр.