Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн,

сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп хабарлады ресми БАҚ-тар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылдың 27 желтоқсанынан №1612 бұйрық

Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республи­касының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1._Қоса беріліп отырған Мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi беру тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

Аталған қағидалар республикалық БАҚ-да жарияланды.