Мемлекет өнімінің кем дегенде 80 пайызын өзі өндіргенде сауда қауіпсіздігі сақталады - В.Кожевников

АЛМАТЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «ФудМастер» компаниясы төңірегіндегі жеке бастың қаржылық мүдделеріне қатысты туындаған дау-дамай жалпы отандық сүт өнімі саласына кері әсер етеді. Бұл жайында ҚР Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Директордың айтуынша, өндіріс саласының басшысына қарсы расталмаған ақпараттық шабуыл өскен тұста шетелдік өнімдерге деген сұраным арта түскен. «Ендігі уақытта біз ірімшіктің 67 пайыздан астамын, сүттің 20, майдың 40 пайызын шетелдік өнімдер есебінен тұтынамыз. Сондықтан отандық сүт өндірушілердің жағдайы бізді алаңдатуда. Жалпы әр мемлекетте сауда қауіпсіздігі сақталуы керек. Мемлекет өнімнің кем дегенде 80 пайызын өзі өндіріп, қалғаны сырттан келген уақытында сауда қауіпсіздігі сақталады», дейді В.Кожевников.

Сондай-ақ ол жазғы сүт өнімінің 2-3 есеге көбейген уақытында оған деген сұраныстың азайып кеткендігін және отандық өнімнің сапасы импорттан еш төмен еместігін айтып өтті.

«2009 жылы біз «Нәрлі сүт» бағдарламасын дайындаған едік. Бұл бағдарлама сүт өндірісін ұлғайтуға жағдай жасауды, ветеринарлық бақылауды күшейтуді, әдетте сапасыз сүт тарататын көше саудагерлерімен күресті қарастырады», деп атап өтті өз сөзіндеВ.Кожевников.