«Астана қаласында жетекші офтальмологиялық орталық бөлімшесінің ашылуы - көзге күрделі операция жасау үшін Алматы қаласына қандай да бір себептермен бара алмайтын елдің орталық және солтүстік аймақтарының тұрғындарына үлкен көмек болмақ», - деп атап өтті С.Қайырбекова.
19:51, 15 Шілде 2010
Мемлекет өз азаматтарының денсаулығын жақсарту үшін барлығын жасауда - ҚР денсаулық сақтау вице-министрі
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Мемлекет ел азаматтары сапалы медициналық қызметті кең ауқымда алуы үшін барлығын жасауда. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова астаналық жедел медициналық көмек (ЖМК) республикалық орталығы жанында құрылған Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының салтанатты ашылуында айтты.