Мемлекет пайдасына 1 млн. 700 мың доллардың зергерлік бұйымдары қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет пайдасына 1 млн. 700 мың доллардың зергерлік бұйымдары қайтарылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласы сот актілерін орындау департаменті баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, департаменттің сот актілерін орындау және даулы мүліктерді бөлу бөліміне Астана қалалық №2 Есіл аудандық сотының шешімінің негізінде мемлекетке жалпы салмағы 42,9 келі болатын 15 786 дана зергерлік бұйымдарды қайтару жөнінде атқару өндірісі келіп түскен.

Қазіргі уақытта департаменттің сот орындаушылары аталмыш бағалы заттарды тіркеу және түгендеу жұмыстары жасалуда. Олар өз кезегінде бұның алдында ҚР Ұлттық банкінің бағалы заттарды сақтау орталығына жолданған болатын.

«Зергерлік бұйымдардың орташа бағасы - 174 282 294 теңге немесе 1 700 000 АҚШ доллары», - делінген хабарламада.