Оны Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов кеше Алматыда өткен "ҚР Конституциясы - елдің дамуы мен гүлденуінің берік негізі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты.
"Мемлекет пен оның Негізгі Заңы бір-бірімен тығыз байланысты құндылықтар. Өйткені елдегі тұрақтылықты сақтау, адамдардың құқығын қорғау үшін пәрменді әрі жүйелі Ата Заң керек. Патшалық Ресейдің құрамындағы қазақтарда мемлекет те болған жоқ, Конституция да болған жоқ. Кеңестік жылдары біз 1926. 1937, 1978 жылдары 3 Конституция қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданды", - дейді тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Махмұтұлы. Оның айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституцияны қабылдауға біздің еліміз ғасырлар бойы жинақталған жауапкершілікпен келді.