Мемлекет жетістігі көп жағдайда оның Көшбасшысының тәжірибесі мен біліміне тәуелді - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет жетістігі көп жағдайда оның Көшбасшысының тәжірибесі мен біліміне тәуелді. Бұл пікірді елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумы барысында ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Дәурен Абаев білдірді.

Шара барысында Қазақстанның Азаматтық альянсының басшысы Ерлан Ерімбетов одан біздердің қаншалықты Елбасының өмірлік тәжірибесі мен біліміне тәуелді екендігімізді сұраған болатын. «Әрине, тәуелдіміз. Меніңше, одан көптеген жайт тәуелді. Жауап ретінде мен шағын ғана мысал келтіре аламын. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болғаннан кейін 1992 жылдан бастап Мемлекет басшысының қатысуымен өткен баспасөз мәслихаттарының бейне мұрағатын қарай бастадым. 1992 жылы Президент Қазақстанның жетістігі елдегі ұлтаралық және дінаралық келісімге тәуелді екендігін айтқан болатын», - деді ол. Д.Абаевтың атап өтуінше, Елбасы өзінің әрбір сұхбатында осы сөзін үнемі қуаттап отырған. «Мемлекет басшысы мұны үнемі айтып келеді. Қазіргі уақытта бұл үйреншікті жайт көрінеді. Бірақ ұлтаралық келісім өздері үшін аксиома болып саналатын бір емес, екі буын өсіп-жетілді», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.