Мемлекетаралық әуе комитеті апатқа ұшыраған «Челленджер-200» ұшағына қатысты тергеу барысымен таныстырды
«Қазіргі уақытта біз қорытынды кезеңдеміз - тергеу барысында алынған зерттеу нәтижелерін талдап жатырмыз», - деп хабарлады Мемлекетаралық әуе комитеті төрағасының бірінші орынбасары Александр Филатов. «Орын алған апат өте ауыр әуе апаты санатына жатады, соған байланысты ауқымды көлемде түрлі зерттеулер жүргізу қажет болды, соның ішінде, ұшуды модельдеу мен кешенді сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның нәтижелерін біз қараша айында алдық».
МАК төрағасының бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда, «Бір әуе оқиғасын зерттеп, қорытынды есепті дайындау АҚШ-та 418 күнді , Канадада - 493 күнді, Австралияда 478 күнді алады. Ауыр санаттағы апаттарды зерттеу уақыттарын есептесек, Челленджер-200 сияқты ұшақ АҚШ-та 624 күн зерттеледі».
МАК ақпараты бойынша, әуе апатын зерттеуге ұшақты құрастырған мемлекет ретінде Канаданың мамандары, ұшақтың қозғалтқышын құрастырушы ретінде АҚШ өкілетті өкілдері, Канаданың көлік министрлігінен, АҚШ-тың федералды авиациялық әкімшілігі, Bombardier Inc және General Electric фирмаларынан кеңесшілер, Мемлекетаралық әуе комитетінің үздік мамандары тартылған.
Александр Филатов Қазан қаласында жақында болған әуе апатының тергеуі аяқталғаны жайлы Қазақстандық БАҚ арқылы тараған ақпаратты теріске шығарды.