Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы тәртіп сақшылары 80-нен астам қылмыскерді ұстады, оның ішінде 13 адам бірнеше жыл іздеуде жүрген.
«Қаңтардың 26-да Жақсы аудандық ПБ криминалдық полиция бөліміне аудан аумағында халықаралық іздеудегі қылмыскерлердің жүргені туралы хабар түсті. Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері ер адамды Жақсы ауылында анықтап, ұстады», - деді ведомстводан.
Анықталғандай, ер адамға алаяқтық үшін өткен жылы Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты іздеу жариялаған.
«Ер адам аудандық ауруханада әрілеу жұмыстарымен айналысып жүргенде ұсталды. Қазір ол Жақсы аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.