«Мемлекетаралық стандарттар мемлекеттік стандарттармен бірдей мәртебеге ие. Бұл «Стандарттау туралы» заңмен қарастырылған, - деді Қайнар Тайжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл стандарттарды ТМД елдері әзірлеп жатыр. Бұл мәселеде ең белсенді - Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан.
«Осы стандарттар бойынша барлық шешім консенсус негізінде қабылданады және елде бірдей заңды күшке ие», - деп атап өтті Қайнар Тайжанов.