«2014 жылғы 1 шілдеде Астана қ. бойынша Қаржы полициясы департаменті Хамитова, Гайценредер, Матисаев, Кубекова, Семеновалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Аталғандар «СТРОЙ КОМПЛЕКС ГРУПП» ЖШС-ін құрып, жалған кәсіпкерлікпен айналысқандар салықтан жалтарып, мемлекетке шамамен 157 млн. теңге залал келтірген. Тергеу анықтағандай, ЖШС-і бөтен біреудің атына тіркелген», - делінген Астана қ. қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сол күні екінші деңгейлі банк филиалдарының бірінде қылымыс үстінде топ мүшелері Хамитова мен Матисаев ұсталды, олар жалған кәсіпорын есепшоты арқылы 49 млн. 100 мың теңге қаражатты қолма-қол алған. Айыпталушылардың кеңселерінде, жалдамалы пәтерінде, көліктерінде коммерциялық кәсіпорын бедерлемесімен 56 мөр, бухгалтерлік құжат түпнұсқалары, кассалық шектермен кассалық аппараттар және басқа да қаржы құжаттары, сондай-ақ 5 мөртаңба, кеңсенің 3 елтаңбалық мөрі тәркіленді. Бұл ретте жалған құжат мөлшерлемесі шарт сомасының 3-4 пайызын құрады. Аталған қылмыстық іс бойынша барлық айыпталушылар тұтқындалды. Қазіргі уақытта іс тергелу үстінде. Жалған кәсіпкерлікпен айланысқаны үшін ҚРҚК бойынша енді олардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандықтан айырылуы мүмкін.