11:32, 19 Қараша 2013
Мемлекетке 17232 жер телімі қайтарылды - Б.Жәмішев
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерінің жалпы көлемі 379 мыңды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерінің жалпы көлемі 379 мың учаскені құрады. Оның ішінде 305 мың учаске түгендеуден өтті. 2012 жылы жүргізілген түгендеудің нәтижесі бойынша жеке тұрғын үй құрылысына ұсынылған жер телімдерінің ішінен 44031 пайдаланылмаған жер учаскесі анықталды»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік меншікке 1750 гектар аумақты қамтыған 17232 жер учаскесі қайтарылды.