Мемлекетке 220 млн. залал келтірген ЖШС директоры үш жылға бас бостандығынан айрылды

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «БиК Классик» ЖШС директоры Б.Сафуановаға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Б.Сафуанова 2004 және 2009 жылдың аралығында салықтар және басқа да міндетті төлемдер жөніндегі декларацияларда кірістер туралы қасақана бұрмалаған мәліметтерді көрсетіп, нәтижесінде мемлекетке 220 млн.теңге сомасында залал келтірген.

Орал қалалық сотының үкімімен Б.Сафуанова ҚР ҚК 222-бабы 2-бөлімі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, мемлекет пайдасына 220 млн. теңгеге келтірілген зиянды қайтару және 282 мың.теңге сомасында айыппұл төлеумен бірге шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.