Мемлекетке 304,3 миллион теңге шығын келтірген жалған кәсіпкер ұсталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы қалалық экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекетке 304,3 миллион теңге шығын келтірген азаматты қолға түсірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б.есімді азамат салықтан жалтару мақсатында «Опитэл VIP»ЖШС, «Тандау Ди» ЖШС және «Медет М» ЖШС-ын құрып, заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырған. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР ҚК-нің 2-тармағының 192-бабы бойынша және 1-тармағының 222-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.