Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Астана қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті С.Мерсадықовқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол алдау және сенімге қиянат жасау арқылы уәкілетті органдарды жаңылыстырып, жылжымайтын мүлікке жалған заңдастыру шешімін және құрылыс нысанын пайдалануға қабылдау актісін жалған жасап, жер учаскесін заңдастырып, мемлекетке жалпы соммасы 9 млн. теңгеден астам залал келтірген», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотының үкімімен С.Мерсадықов ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (алаяқтық), 325-бабының 2-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.