«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңындағы жаңа өзгерістер ҮЕҰ-дың тендерге қатысуы мәселесін оңайлатады – А.Қырықбаев

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың төрағалығымен ҚР Үкіметінің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.

Отырысқа сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, әлеуметтік блок министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның ҮЕҰ-ның ірі өкілдері қатысты. Жиын барысында Қазақстанда 2006-2011 жылдары азаматтық қоғамды дамыту тұжрмдамасын іске асыру қорытындылары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бұл саладағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тұрғысынан іске асыру мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы қарастырылды.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңныа сәйкес «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеткізушілердің тізілімі» деген түсінік енгізілді. Бұл жаң енгізілген өзгерістер ҮЕҰ-дың мемлекеттік тапсырыс бойынша тендерлерге қатысуын оңайлатады», - деп атап өтті Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша кеңес қызметін тәртіңпке келтіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында жасалған ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша кеңесінің үлгі ережесін талқылады.

 Кеңес мүшелері мақұлдаған үлгі ереже мемлекеттік органдарға жұмыста басшылыққа алу  үшін жіберіледі. Бұдан басқа, отырыс барысында үйлестіру кеңесінің 2012-2013 жылдарға арналған жұмыс жоспары негізге алынып, бекітілді.