Атап айтқанда, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Астана қаласы филиалының мәліметтеріне қарағанда, 1 топтағы мүгедектің жәрдемақы көлемі 25 378 теңгені ( 23 718 теңге болды), 2 топтағы мүгедектің 19 780 теңгені (18 486 теңге болды), 3 топтағы мүгедектің жердемақысы 13 809 теңгені (12 905 теңге болды) құрайды.
Ал асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы: еңбекке қабілетсіз бір асыраушыға - 12 316 теңге (11 510 теңге болған), еңбекке қабілетсіз екі асыраушыға 21 273 теңге (19 881 теңге болған), еңбекке қабілетсіз үш асыраушыға 26 311 теңге (24 589 теңге болған) көлеміне жетті.
Балалары бар отбасына жәрдемақы көлемі де ұлғайды: бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы 51 930 теңге ( 48 540 теңге болған), төрт және одан да көп бала дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы 86 550 теңге (80 900 теңге болған), тұңғыш баланы бағып-күткені үшін ай сайынғы жәрдемақы 9 521 теңге (8 899 теңге болған), екінші баланы бағып-күткені үшін ай сайынғы жәрдемақы 11 252 теңге (10 517 теңге болған), үшінші баланы бағып-күткені үшін ай сайынғы жәрдемақы 12 983 теңге (12 135 теңге болған), төрт және одан да көп баланы бағып-күткені үшін ай сайынғы жәрдемақы 14 714 теңге (13 753 теңге болған).
Бұдан бөлек, анаға (әкеге), бала асырап алушыға, қамқорлығына алғандарға (қамқоршыға), 16 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеушілерге - 18 666 теңге (17 439 теңге болған ) жәрдемақы төленетін болды.