Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Зейнетақылық ануитет: тәуекелдер мен мүмкіндіктер» тақырыбында өткен отырыс барысында «Мемлекеттік ануитет компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұржан Әлмұхамбетов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстандағы ер азаматтардың өмір сүру жасы - 73 болса, әйелдердің жасы - 80. Ал қазіргі қолданыстағы заңда бекітіліген жаста зейнетке шығатын зейнеткерлерге зейнетақыларын толық ала алмауы мүмкін деген қауіп бар. Ал әйел азаматтар зейнетке 50 жастан, ер азаматтар 55 жастан шығатын болса, бұл қауіп біршама сейіле түспек.