Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды жеделдетуді тапсырамын – Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта ретке келтіру керек.

«Пандемия және мемлекеттік органдар қызметшілерінің көпшілігін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру шаралары мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын әрі қысқарту керектігін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды жеделдетуді тапсырамын», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту керектігін айтты.