«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында биыл мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметтерін орталықтандыру және оңтайландыру жүргізілетін болады. Бұл кадрлар, қаржы және әкімшілік-шаруашылық, сондай-ақ ІТ-қамтамасыз ету салаларын қамтиды. Осыған байланысты нақты мерзімдерін көрсете отырып, қосалқы қызметтерді орталықтандыру және оңтайландыру жөніндегі шараларды іске асырудың жол картасы әзірленеді», - деді министр.
Оның айтуынша, осы айдың соңына дейін мемлекеттік және жекеменшік операторларды құруға мораторий енгізу туралы Президент Жарлығының жобасы әзірленеді.